Мамандығымыздың артықшылығы үлкен жауапкершілік жүктейді - Марат Қожаев
- Сіздің ойыңызша, соңғы жылдары Қазақстанда полицейлердің имиджі қалай өзгерді? Азаматтар тарапынан сенімсіздік әлі де бар ғой…
- Имидж мен сенім – бұл сәл өзгешелеу ұғымдар. Қазіргі әлемде ірі компаниялар арнайы медиа ресурстарды жалдайды, PR жобаларын жүзеге асырады және нақты немесе ойдан шығарылған бейнені жасайды. Біз мұндай нәрселермен айналыспаймыз, өйткені жұмысымыздың мүлдем басқа ерекшелігі бар. Ал сенім мәселесі... Иә, азаматтарымыздың тарапынан бізге деген сенімді арттырғымыз келеді. Қоғам қандай әлеуметтік пайдалы жұмыс істеп жатқанымызды білуі үшін ашық болды қалайсыз. Бізге көбірек сенім болуы үшін қызметкерлеріміз ең алдымен адал болуы, көмекке келуге дайын, жанашыр, қорғаушы болуы тиіс. Екіншіден, олар шешімдеріне ешкім ықпал етпеуі үшін кәсіби, бейтарап болуы қажет.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің соңғы зерттеулеріне сәйкес, азаматтарымыздың 39 пайызы дан астамы полицияға толық, ал 38 пайызы ішінара сенеді. Жалпы, бұл біздің полицияға деген көзқарасымыз жақсы екенін көрсетеді. Мен халық полицияға мүлдем сенбейді деп айтпас едім. Әрине, біз барынша сенімге ие болуға ұмтыламыз. Жеке құрамға үнемі нұсқаулық беріп отырамыз. Мысалы, патрульдік полицейлерге азаматтарға жүгінген кезде мейірімді болуға көмектесуге, жәрдемдесуге дайын болуға үйретеміз. Қазір онымен айналысып жатырмыз. Меніңше, бұл жұмыс өз нәтижесін береді және жыл сайын сенім пайызы артатын болады.

- Сіз белгілі бір имиджді ілгерілетумен немесе жасаумен айналыспаймыз дейсіз. Мүмкін, бәрібір де ол керек шығар?
- Мұның айналасында әртүрлі жарнамалық құрылымдар жасауға, имидждік іс-шаралар өткізуге болар еді.Бірақ полиция қызметкері көшеде дөрекі болса, өз өкілеттігін асыра пайдаланса, онда барлық күш-жігер бір күнде-ақ құмға сіңген су сияқты болады. Сондықтан жүйелі іс-шаралар қажет. Алға жылжу үшін қандай да бір ерекше күш-жігер қажет емес. Оған құқыққа мойынсұнатын қызметкерлеріміздің тәртіпті мінез-құлқы арқылы қол жеткізу керек. Олар күн сайын жұмыс орнында өз іс-әрекеттерімен, жанқиярлығымен, адал әрекеттерімен көрінуі қажет.
- Полиция жұмысы қаншалықты қиын деп ойлайсыз?
- Бүкіл әлемде полиция мамандығы ең қиын кәсіптердің бірі саналады. Осыдан біраз уақыт бұрын сіздің әріптесіңіздің полицияға жетістікке жете алмаған адамдар барады деген сарындағы барынша арандатушылық сауалына жауап берген едім. Нақты мысалдармен оның олай еместігін дәлелдедім. Полиция қызметкері үнемі психологиялық-физиологиялық қысымда жүреді. Ол кез келген секундта өмірін қатерге тігуге дайын болуы тиіс. Сондықтан да бұл мамандықта психология бойынша да, денсаулық бойынша да, өмірге көзқарас бойынша да талап көп. Сол себепті полиция ант пен серт береді. Мамандық мінезді, төзімділікті, батылдықты талап етеді. Тәуелсіздік жылдарының ішінде 816 полиция қызметкері мерт болып, 4 600-ден астам адам жарақат алды. Бұл тек қызметтік міндетін орындау барысында ғана. Мұнан бөлек, халықпен байланыстың ерекше дағдысы талап етіледі. Сондай-ақ кез келген уақытта сені дабылмен шақырып алуы мүмкін екендігіне де дайын болуға тиіссің. Дәл осы себепті жас отбасыларды түсініспеушілік жиі болып тұрады. Келіншегі: «Түн ішінде тағы қайда кетіп барасың?», деп сұрайды. Ал оның түсіндіруге уақыты жоқ, төменде қызметтік көлік күтіп тұр. Ол «Артынан түсіндіремін», деп жауап береді. Ал келіншегі түрлі ойда қалады. Бұл – азаматтардың мүддесі, денсаулығы, өмірі мүлкі үшін өз мүддесіне нұқсан келтіруге дайын адамдардың мамандығы. Сондықтан полиция – бұл қиын мамандық.
- Қазір кадр тапшылығы, жұмыстан жиі кету мәселесі қалай болып жатыр?
- Біраз уақыт бұрын кадрлардың жұмыстан шығуы жиі болатын. Себебі де әртүрлі. Оның ішінде жоғарыда атап өткен себеп те бар. Жас отбасы полиция қызметінің мәнін, яғни үнемі шақыртулар, үйде жиі болмау, нормаланбаған жұмыс күні сияқты жайттарды түсінбейді. Дегенмен, қалай десек те негізгі себепті материалдық жағы. Полиция жоғары жалақы төленетін мамандық емес. Бұған қоса әлеуметтік-құқықтық қорғалуы да әлсіз. Бүгінде ел Президентінің, ведомство басшысының қолдауымен осы мәселеде біршама ілгерілеушілікке қол жеткіздік. Қазіргі уақытта жалақы кезең-кезеңімен ұлғайып келеді. Тұрғын үй жалдам өтемақысын алатын тұлғалар тізбесі де кеңейтілді. Құқықтық қорғалуы жақсарды. Полицияға зорлық-зомбылық, өміріне қастандық жасағаны үшін айтарлықтай жауапкершілік қарастырылған. Қайтыс, мерт болғанда немесе қызметке жарамсыз болып қалған кезде заңмен өтемақы қарастырылған. Балалары грантпен білім ала алады. Полиция қызметкерлерінің балалары балабақшаға кезектен тыс орналаса алады. Осы іс-шаралар қызметкерлеріміздің жұмыстан кетуін тоқтатты. Бүгінде полиция болып жұмыс істегісі келетін адамдардың саны 1,5 есеге артты. Соңғы жылдары алғаш рет сапалы ірктеу жүргізу мүмкіндігі пайда болды. Өз еркімен жұмыстан кететіндер қатары азайды. Қазіргі уақытта айта қоярлықтай кадр тапшылығы жоқ. Кадр тапшылығы 20 пайызға жеткен кезең де болған. Бүгінде бұл цифр 2 есеге қысқарды.

- Қаралы қаңтар оқиғасы орын алғанына да 1,5 жыл уақыт өтті. Қандай сабақ алдыңыздар? Не істелді? Стратегиялық нысандарды басып алуға тырысушыларға тойтарыс беру хаттамасы өзгерді ме?
- Бұл еліміз үшін тарихтағы қайғылы парақтардың бірі. Енді қайтып мұндай оқиға қайталанбасын. Әрине, мұндай оқиғадан кейін себептері, не түрткі болғаны сараптамалады. Қателіктермен жұмыс жүргізілді. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған арнаулы жоспар қайта қаралды. Бүгінде біздің құқық қорғау құрылымдары мен өзге де өкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмі осындай дағдарысты жағдайларға барынша бейімделді. Құқық қорғау органдарының басшылары дағдарысты жағдайда шешім қабылдау кезінде барынша дербес болады. Оның нақты екенін айта алмаймын. Өйткені, бұл арнайы жоспар. Оның белгілі бір грифі бар.
- Енді өзіңіз жайлы мәліметтермен бөліссеңіз. Қызмет жолыңызды қалай бастадыңыз, полиция мамандығын неліктен таңдадыңыз?
- Алматыдан 50-60 шақырым жердегі шағын ауылда дүниеге келдім. Ауылымызда не бәрі 4 көше бар болатын. Бала кезімде бізді Алматыға мектеп экскурциясына алып келетін жнәе өмір бойы қалада тұруды армандадық. Әкем агроном еді, жолын қуғанымды, Алматыдағы Қызылтулы ауыл шаруашылығы институтына түскенімді армандады. Әкем сол оқу орнын бітірген, мені де соған жіберді. Ал мен агроном болғым келмеді әрі әкеме оны қалай жеткізерімді білмедім. Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, Ленин орденінің игері Романенко Зинаида Анатольевнадан білім алған мен орыс тілі емтиханынан әдейі құлап қалдым. Содан кейін армияға алып кетті. Германияда борышымды өтедім. Сол жақтағы әскери бөлімде тамаша кітапхана болды, ал мен кітап оқығанды жақсы көремін. Түрі детективтер оқыдым. Дәл әскерден қайтар алдында қолыма Лев Шейниннің «Тергеуші жазбасы» кітабы түсті. Ауылымда учаскелік милиция көрген емеспін, ал кітапта қылмысты ашатын қызықты мамандық жайлы баяндайды. Бірден тергеуші боламын деп шешім қабылдадым деп айта алмаймын. Бірақ, ойландым. Армиядан ауылға оралғаннан кейін учаскелік милиция көшеде органда жұмыс істеуді ұсынды. Осылайша, қатардағы полицей болып, көшелерді шолғындадым, отбасылық-тұрмыстық оқиғаларға, бұзақылық жасағандарға бардым. Бірақ, ойымнан сол бір кітап кетпейтін. Бірде, оқуға сұранып, ІІМ Қарағанды жоғары мектебіне емтихан тапсырып, бірден түстім. Бітіргеннен кейін тергеуші мамандығын алып шықтым. Ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыстарды тергедім. Бірнеше жылдан кейін кісі өлтіру қылмыстарын тергеумен айналысатын бөлімді басқардым. Осы бөлімнен қызметтік мансап жолым басталды.
- Қызметтес серігіңізден айырылып қалған сәт болды ма?
- Қызмет кезінде болған емес. Бірақ, қызметкерлерім мерт болған жайттар өте көп болды. Соңғы оқиға Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы болған кезде орын алды. Учаскелік полиция қызметкерін тірек пункттінде өлтіріп кетті. Қылмыскер пунктке алдап кіріп, оған бірнеше рет пышақ жұмсаған, қаруын алмақ болған. Бірақ, ол сол күні қарусыз еді. Әрине, бұл – трагедия. Біз бүкіл жеке құрамды көтеріп, бірнеше сағаттың ішінде сол қылмыскерді қолға түсірдік. Ол сотталды.
- Учаскелік полицей сол күні неге қарусыз болды?
- Әдетте, қызметкерлер қылмыскерді ұстауға, ауыр қылмыстың жолын кесуге бара жатқанда немесе тәуліктің кезекшілікке түскенде қару алады. Ол сол күні кезекшілікте болмаған. Қарапайым алдын алу жұмыстарымен айналысып, қызметтік құжаттарды компьютерге теріп отырған.
- Күн сайын полиция формасын кигенде қандай сезімде боласыз?
- Өмірімнің басым бөлігінде қызмет еткен жедел тергеу бөлімшесінде азаматтық киіммен жүрдім. Бірақ, егерде полиция рөлінде өзімді қалай сезінетінім жайлы сұрап отырсаңыз, онда полицияда жұмыс істейтіндігімді мақтан тұтамын. Өте лайықты адамдардың ортасында қызмет етіп жүрмін. Полицейлердің басым бөлігі, жастары да, тәжірибелілері де адал, қайсар, өзінің қызметтік борышына берілген жандар.

- Таяуда ғана Қазақстан азаматтары астанадағы банктердің бірінде қызметкерлерді кепілге алған күдікті ұстау арнаулы операциясын демдерін ішіне тарта бақылады. Бақытымызға орай, кісі шығыны болған жоқ, қатер тез арада жойылды. Сіз жалпы қызметкерлеріңіздің жұмысын қалай бағалайсыз, олар қаншалықты үйлесімді жұмыс істеді?
- Қызметкерлерімізді күнделікті қызметке де, осындай дағдарысты жағдайға да дайындау жүйесі жолға қойылған. Біз қызметкерлеріміз күнделікті өмірде орын алатын тосын оқиғаларға дайын болуы үшін үнемі жұмыс істейміз. Кейінде тосыннан бір азаматтың суицид жасауға, көпірден секіруге тырысатын жайттар болып қалады. Және де полиция қызметкерлері бұған дайын болуы тиіс. Мұндай дағдарысты жағдайға барынша тыңғылықты дайындалатындығымыз түсінікті. Бұл ретте мұндай қылмыстардың салдарын төмендету үшін әзірленген арнаулы алгоритм, жоспар бар. Ол жерде түрлі жүйенің жұмылдырылатындығы түсінікті. Олар біздің бөлімшелеріміз, орт туындаған жағдайға өрт сөндіру қызметі, газ қызметі. Әрқайсысы не істеу керектігін біледі. Бұл алгоритм жазылған. Жағдайда бағалайтын, қаскүнемнің кім екендігін анықтайтын арнайы адамдар бар.
Адамның аты-жөнін жылдамырақ анықтасақ, онымен келіссөз жүргізу де жеңілірек болады. Ал бұл жағдайда біз оның туған-туыстарын тарттық. Оны суретке түсіріп алып, жылдам базамыздан қарап, аты-жөнін анықтадық. Дегенмен, бастапқыда ол мүлдем басқа адамның атын айтқан болатын. Біз Дилшот деген адаммен келіссөз жүргізген едік. Сәл кейінірек, сурет арқылы оның нақты кім екені анықталды. Ол Жамбыл облысының Гродеково елді мекенінің тумасы Әлихан Мурадов болып шықты. Деректер адам жайлы ақпарат жинауға, оның мінез-құлқын танып білуге, жақын туған-туыстарының кім екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Біз Жамбыл облысына хабарласып, ондағы бөлімшеміз тез арада оның туған-туыстарын тапты. Солар арқылы оған әсер етуге тырыстық. Сол арқылы ол жасауы мүмкін іс-әрекеттің қаупін азайттық. Бейбіт жолмен шешуге тырыстық. Келіссөздердің еш әсері болмаған жағдайда біздің арнаулы бөлімшеміз әрекет етуі тиіс болды.
Олардан өте тыңғылықты дайындық талап етіледі. Бұл бөлімшеде осындай жайттар кезінде келіссөз жүргізетін, қылмыскер назарын басқа жаққа аударту не болмаса жосын жағдай туындату үшін қажетті арнайы құралдарды қолданатын мамандар бар. Басып кіріп, қылмыскерді қолға түсіретін шабуылдаушылар бар. Әрине, ахуал басқаша шешілмесе, азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда қылмыскердің көзін жоюға дайын тұратын жасақ та бар. Мұның бәрі күнделікті жаттығулардың, дағдылардың нәтижесінде қалыптасады. Сол күні бөлімшеміз өте жылдам әрі нақты әрекет етті. Қылмыскер де, кепілге алынан банк қызметкерлері де зардап шеккен жоқ.
- Дәл сол оқиға кезінде арнаулы жасақ жұмылдырылды ма?
- Иә, ол оқиға кезінде Астана қалалық полиция департаментінің «Арлан» жасағы жұмылдырылды.
- Оларда қандай қару-жарақ болды?
- Арнаулы жасақ өзінің штаттық кестесіне сай қаруланған. Құрамында түрлі мамандар бар. Мәселен, қатты дыбыс шығаратын граната лақтыратын маман болды. Граната лақтырған кезде жар-жұрқ етіп, санаулы секундтарда қылмыскер дағдарып қалады. Ал сол уақытта шабуылдаушылар қылмыскерге жетіп, оны қарусыздандыруы тиіс.
- Ал қылмыскерде қандай қару болды?
- Онда тапаншаға ұқсас зат болды. Сонымен қатар қолы мен денесіне қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға ұқсас зат таңып алған. Қазіргі уақытта бұл заттар сараптамаға берілді. Олардың қаншалықты жарылғыш зат не муляж екендігін сараптама анықтайды.
- Дәл сол күні келіссөзге министр Марат Ахметжановтың өзі шықты. Ел тұрғындары ІІМ басшысының формасыз болғанын, демалыс күні болғанына қарамастан операцияға басшылық жасап, өте кәсіби тұрғыда өзін көрсете білгендігін атап өтуде. Дегенмен сын да бар. Министрдің өзі араласатындай жағдай өте күрделі болды ма? Әлде елордада тәжірибелі келіссөзші жетіспей ме?
- Әрине жоқ, келіссөзші маман жеткілікті. Бізде арнаулы дайындықтан өткен келіссөзшілер бар. Олар Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының антитеррорлық орталығында оқудан өтеді. Сол күні де біздің арнаулы бөлімшенің осындай маманы қатысты. Өкінішке орай, оның тегін, атын, әкесінің атын айта алмаймын. Ол оқиға орнына Ішкі істер министрі келгеннен кейін ішке бірнеше рет кіріп, келіссөз жүргізді. Министрге қаскөйдің талабын баяндап, оның іс-әрекетін, қолында не бар екендігін айтты. Министр оқиға демалыс күні, түскі уақытта орын алғанын ескеріп, сол жерге өзі де бару керек деп санады. Ол оқиға орнына келіп, операцияға өзі басшылық жасап, күш қолдануға немесе келіссөзді жалғастыруға қатысты шешім қабылдады. Операция барысында ІІМ басшысы басқыншымен тікелей сөйлесіп, тұтқынға алынған банк қызметкерлерін босатуға тырысты.
Министрдің ол жерге өзі баруы және аталған операцияға басшылық жасауға қатысуы фактісін былай бағалар едім. Кез келген полиция шеніне, лауазымына, жағдайына қарамастан, демалыс не жұмыс күні болса да қылмыс жасалса әрі ол азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, онда оның жолын кесуі тиіс. Меніңше, министр дәл солай ойлап, оқиға орнына барды. Қылмыскерді қолға түсіру үшін күш қолдану туралы шешімді де министр жеке өзі қабылдады.
Әрине, ең алдымен жарылыстан қорықтық. Өйткені, қылмыскер жарылғыш зат бар екендігін және өз өмірін де, тұтқындардың да өмірін қиюға дайын екендігін бірден айтты. Қысқа ғана уақыттың ішінде егжей-тегжейлі ақпарат жинап, қауіптің төмендігін, оны басқаша ымыраға келтіру жолының жоқтығын, мұнан ары күту жағдайды күрделендіре түсетіндігін түсінгеннен кейін күш қолдану туралы шешім қабылданды. Өйткені, тұтқындардың қаскөйдің қолында болған әрбір минуты өте ауыр еді. көрінетін жерде тұрған қыздардың көздерінен олардың қатты үрейлі екендігін көрдік. Сондықтан да министр баяндамалардың, сараптамалардың негізінде күш қолдану туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін ІІМ басшысы күш қолдануға бұйрық берді. Ал қылмыскер мұны мүлдем күтпеген еді. Санаулы секундтың, 10-15 секундтың ішінде бүкіл операция сәтті аяқталды.
- Бұл оқиға қазақстандықтарды есеңгіретсе, БАҚ үшін нағыз сенсацияға айналды. Шындығында да елімізде мұндай оқиғалар өте сирек орын алады. Мұның себебі неде?
- Әдетте мұндай оқиғалар Үкіметі тұрақсыз, қоғамдық тәртіпті қорғауда, жалпы заңдылықтың сақталуында олқылықтар елдерде қайталанады. Шынымен де қоғамдық тәртібі тұрақты елдерде, оның ішінде бізде де кепілге алуға өте сирек кездесетін құбылыс. Неліктен? Өйткені, елімізде кішігірім бұзақылықтан бастап, ең қатерлі қылмыстардың алдын алу жүйесі қалыптасқан. Ол көптеген компоненттен тұрады. Ішкі істер органдары барлық құқық бұзушылықытң алдын алу кезінде бүкіл мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерін үйлестіреді. Бұл жүйе көпсатылы әрі жаңа сын-тегеуіріндерді ескере отырып, үнемі жетілдіріледі.
Қазіргі уақытта біз осыдан 5-7 жыл бұрын білмеген жаңа құқық бұзушылықтар пайда болып жатыр. Мәселен, интернет-алаяқтық. Олар пайда бола салысымен олармен қалай күресуге болатындығын зерделедік. Бұл ретте өзіміз жинақтаған тәжірибемен қатар құқық бұзушылықпен күреске қажетті халықаралық дағдының да ескерілетіндігі түсінікті. Сондықтан да Қазақстандағы жүйе барынша жақсы жұмыс істейді. Өзге мемлекеттік органдар да, жергілікті атқарушы органдар да жұмылдырылған. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі – бұл тек полиция жұмысы ғана емес. Бұл – адамдарды жұмыспен қамту, балаларды мектепте тәрбиелеу, есірткіге тәуелділікпен күрес, бас бостандығынан айыру орнынан шыққан адамдарды бейәлеуметтендіру жұмысы. Мұның бәрі құқық бұзушылықтың алдын алудың біртұтас жүйесіне бірігеді.
Соңғы жылдары бұл салада цифрлық технологияларды өте көп пайдаланамыз. Барлық қалада дерлік тек жолдарды ғана емес, қоғамдық орындарды, мектептерді, өзге де адам көп жиналатын орындарды қадағалау үшін видеокамераларды қолданамыз. Осылайша, криминогендік ахуалды, қоғамдық қауіпсіздікті үнемі бақылап отырамыз. Көше де орын алып жайттарға үнемі мониторинг жасаймыз. Поилция қолындағы барлық құралды икемді пайдалануға тырысатындығымыз түсінікті. Полиция өзі қажет болған жерде болуы тиіс. Қалаларда арнаулы ұтқыр посттар, дәстүрлі учаскелік полиция бекеттері және шолғындаудың икемді жүйесі бар. Бұл – криминогендік ахуалға байланысты белгіленетін үнемі авто және жяу шолғындау. Олар күнделікті бір бағдармен ғана жүрмейді. Қай жерде, қандай уақыттақылмыс жиі жасалатындығы күнделікті сараланады. Соған орай сол жерлерге жасақтар жібереміз. Сол себепті де алдын алу жүйесі жұмыс істеп тұр және жоғарыда аталғандай қылмыстар көп емес.
- Сұхбатыңызға рақмет!