Мәнерлеп сырғанау: Д. Тен әзірше 10-шы, А. Рақымғалиев 26-шы орында тұр

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Канаданың Ванкувер қаласында өтіп жатқан XXI қысқы олимпиада ойындарында ерлер арасында жеке өзі мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама аяқталды.
None
None

Бағдарлама қорытындысы бойынша 76,24 балл жинаған жерлесіміз Денис Тен әзірше 10-шы орынға тұрақтаса, тағы бір спортшымыз Абзал Рақымғалиев 55,88 баллмен 26-шы орында тұр. Бұл бағдарлама бойынша ресейлік Евгений Плющенко алда келеді. Одан кейінгі орындарға американдық Лайсачек Эван мен жапониялық Такахаси Дайсуке жалғасты. Енді мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарлама бойынша өнер көрсететін болады. Еркін бағдарлама бойынша жарыстар ертең, бейсенбі күні өтеді. Қысқа бағдарлама мен еркін бағдарламаның нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған спортшы, олимпиада чемпионы атанады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум