«Мәңгілік ел» пойызындағы дәрігерлер аймақтардағы 400-ден астам балаға орталықтан ем алу үшін жолдама берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мәңгілік ел» әлеуеметті пойызы сапарға шыққалы бүгінгі күнге дейін 12 мыңнан астам азаматқа тегін медициналық көмек көрсетіліп, 400-ден астам балаға орталықтан ем алу үшін жолдама берілді.

Бұл туралы кеше Шымкент қаласында тоқтаған «Мәңгілік ел» әлеуметтік пойызының штаб жетекшісі Ә.Әлпейісов пен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басқарма басшысы, үйлестіруші дәрігер Н.Қыдырбаев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде мәлім етті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

«Бейбітшілік пен келісімді ту еткен пойыз жолаушыларының құрамында барлық министрліктің 100-ден аса білікті мамандары бар болса, солардың 30 шақтысы әлеуметтік саланың қызметкерлері. Жалпы, акция барысында пойыз 12 облыстағы шалғай елді мекендерге тоқталып, 39 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсеткен. Елбасының бастамасымен қолға алынға бұл шараның басты мақсаты - шалғайдағы ауылдарда Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін қарапайым халық арасында кеңінен насихаттап, мемлекетіміздің мерейлі мерекесін сезіндіру болып табылады. Сондай-ақ, ширек ғасырлық азаттық тойын тойлау арқылы халқымыздың әлеуметтік мәселелерімен танысу және оның шешілуіне мейлінше ықпал етуге атсалысу» - деді Ә.Әлпейісов.
Баспасөз мәслихатында сөз алған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басқарма басшысы акция барысында бүгінгі күнге дейін пойыз құрамындағы дәрігерлердің 12 мыңнан астам азаматқа тегін медициналық көмек көрсетіп, 400-ден астам балаға
орталықтан ем алу үшін жолдама берілгенін жеткізді. Айта кетейік, 15 ақпан күні Астана қаласынан бастау алған «Мәңгілік ел» пойызының соңғы аялдамасы 18 наурыз күні Алматы қаласы болмақ.

Соңғы жаңалықтар