Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылады

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

- Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 31 қаңтар сағат 22:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632-718 шақырым аралығында, яғни Шетпе елді мекені мен Жетібай елді мекені арасында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген ақпаратта.

Жол қозғалысын 1 ақпан күні сағат 11:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

Айта кетейік, бүгін төрт облыста жол қозғалысы жабылған болатын.

Соңғы жаңалықтар