Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

АҚТАУ. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы ақпарат жариялады. 

Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

– 2025 жылғы 19 желтоқсан сағат 01:00-де ауа райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» 332–632 шақырым аралығындағы Бейнеу елді мекенінен Шетпе елді мекеніне дейін барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада. 

Жолды 2025 жылғы 19 желтоқсан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да қар көшкінінің түсірілуіне байланысты тағы да жол жабылатынын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар