Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Маңғыстау облысында орташа айлық жалақы қанша

АСТАНА. KAZINFORM — Орташа айлық жалақы 6,2%-ға артып, 660 мың теңгеге жуықтады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

ақша
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Экономиканың дамуы жұмыспен қамту мен халықтың табысының өсуімен қатар жүреді. 2026 жылдың басынан бері Маңғыстау облысында 9 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Оның 3 780-і тұрақты, тағы 5 367-сі уақытша.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі бір жыл бұрынғы 5,1%-ға қарағанда 5%-ға дейін төмендеді. Орташа айлық жалақы 6,2%-ға артып, 660 мың теңгеге жуықтады. 2025 жылдың осы кезеңінде шамамен 622 мың теңге болды. 

Айта кетелік Маңғыстауда көлік-логистика саласы 8,5%-ға өсті