Маңғыстау облысында жолда қалып қойған 13 жүк көлігі құтқарылды

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облысында жолаушылары бар 13 жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды.

13 грузовых автомашин застряли в сугробе в Мангистауской области
Фото: Қр Төтенше жағдайлар министрлігі

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Маңғыстау облысының 112 қызметіне жолаушылары бар 13 көліктің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарды алысымен құтқарушылар Жетібай-Жаңаөзен тас жолының 204 шақырымына дереу жолға шықты.

- Жүк көліктері жолдың тазартылған бөлігіне сүйретіліп шығарылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек және эвакуация қажет болмады, - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар