Маңғыстауда 62 кг марихуана, қару-жарақ пен 32 млн теңге тәркіленді

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысында «Бүркіт» арнайы жасағы аса көп мөлшерде есірткі заттары мен 8 дана атыс қаруын тәркіледі. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Маңғыстауда 62 кг марихуана, қару-жарақ пен 32 млн теңге тәркіленді
Фото: Маңғыстау облыстық Полиция департаменті

Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» және «Қарасора–2025» жедел-профилактикалық іс — шаралары аясында, «Бүркіт» арнайы жасағының сарбаздарымен және «Кира» атты қызметтік иттің көмегімен жедел-іздестіру іс-шараларын және тінту жұмыстарын жүргізген.

Маңғыстауда 62 кг марихуана, қару-жарақ пен 32 млн теңге тәркіленді
Фото: Маңғыстау облыстық Полиция департаменті

Нәтижесінде, Мұнайлы ауданының «Оңтүстік» бау-бақша серіктестігінде № 52 және № 54 жер учаскелерінен аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен бірнеше азамат ұсталды.

— Тінту барысында гараждан және көліктерден Hatsan, Kruger, RAR маркалы винтовкалар, Stalker тапаншасы — барлығы 8 дана қару және 12 жәшік оқ-дәрі. 3 дана метадон таблеткасы. 3 дана Motorola радиостанциясы, 2 дрон, 2 бейнебақылау камерасы. Суық қару және арбалет. Сонымен қатар, 32 596 000 теңге. Гараждан 9 жәшікке қара изолентаға оралған жалпы салмағы — 62 килограммнан асатын 136 пакет марихуана табылды, — делінген хабарламада.

Маңғыстауда 62 кг марихуана, қару-жарақ пен 32 млн теңге тәркіленді
Фото: Маңғыстау облыстық Полиция департаменті

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі (есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау — сату мақсатынсыз) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кейін іс 297-баптың 3-бөлігіне (аса ірі мөлшерде есірткіні өткізу мақсатында сақтау) қайта сараланды.

Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін, Алматыда биыл жарты тоннадан астам есірткі тәркіленгені турады жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар