Маңғыстауда балабақша директоры мен есепшісі сотталды

АҚТАУ. KAZINFORM - Олар ата-аналардың төлеген қаражатын өздерінің жеке шоттарына заңсыз аударып, мемлекетке 12 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Бұрынғы Индустрия вице-министріне қатысты сот үкімі шықты
Фото: Kazinform

Бейнеу ауданының прокуратурасы тексеріс барысында «Куйкен» балабақшасында қаржы саласында заң бұзушылықтарды анықтады.

Мекеме директоры мен есепшісі ата-аналар төлеген қаражатты өздерінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген. 

Аталған факті бойынша прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген.

- Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, оған заңсыз иемденген қаражат соммасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.

Ал, есепші 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында 75 жетім бала тұрғын үй кезегіне қойылмаған.

Соңғы жаңалықтар