Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

АҚТАУ. KAZINFORM — Шақалақ Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің терезесінің алдынан табылған.

сәби, нәресте, бөпе
Фото: pixabay.com

Баланы таңертең уақытта сағат 09:30 шамасында тұрғындардың бірі байқаған. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады. 

— Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анасы іздестіріліп жатыр. Сәби перзентханада жатыр, — делінген полиция таратқан хабарламада. 

Бұған дейін Қарағанды облысында пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жібергені анықталды.

Сонымен қатар Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум