16:45, 31 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жаңа туған сәбиін үйдің кіреберісіне тастап кеткен ана табылды.

– Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған қыз баланың анасы кім екені анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Еске салайық, жергілікті тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінен нәрестені тауып алған болатын.
«Жедел жәрдем» қызметкерлерінің айтуынша, сәбидің дүниеге келгеніне 1-2 сағат қана болған.