Алматыда жаңа туған сәбиін үйдің кіреберісіне тастап кеткен ана іздестірілуде

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жаңа туған қыз баланы Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алды.

сәби
Фото: gov.kz

— Нәресте қазір ауруханада жатыр. Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының кім екенін анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады полициядан.

Еске салсақ, былтыр Алматыда қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ Қарағандыда сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен ана табылғанын жазған едік.

Бұдан бөлек, Қарағандыда аязды күні нәрестені далаға тастап кеткен еркек пен әйел табылғаны айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар