Маңғыстауда қоқыс полигоны өртеніп жатыр

АҚТАУ. KAZINFORM - Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,  бүгін Мұнайлы ауданы Баянды ауылының маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт тұтанған. Сағат 16-00 де шамамен 650 шаршы метр аумақты шарпыды. Аталған полигон «Маңғыстау Жарық» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне қарасты. Жалпы аумағы 25 гектар, тереңдігі 13 гектарды құрайды. 

Маңғыстауда қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Фото: mangystau_ecology_department

- Қазіргі таңда полигонда рекультивация жұмыстары жүргізілуде. 12 арнайы техникамен 15 адам жұмылдырылған. Қазір қалада түтін мен күйіктің иісі сезілмейді, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұқанов.

Оқиға ақпараттық есепке алу кітабына тіркеліп, экология департаментіне хат жолданған. Мұнайлы ауданы аумағында ауа-райы ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +27С, солтүстік-шығыстан секундына 1-7 метр жел соғып тұр.

Маңғыстау облыстық экология департаментінің хабарлауынша, зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің тарапынан атмосфералық ауаны өлшеу құралының жылдық тексеріс өткізуге жолдануына байланысты, сынама алу мүмкіндігі болмаған.

Бірақ «Казгидромет» РМК «Air.kz» мобилдік қосымшасы бойынша 12 шағын ауданда орналасқан 5-ластамалы бақылау бекетінде күкірт суттегі көрсеткішінің шектен тыс асуы анықталған. 

Бұған дейін Ақтауда ер адам өз-өзіне пышақ сұғып, жоғары қабаттан секіріп кеткені туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар