Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда үйге терезе арқылы кіріп, 470 мың теңге ұрлаған күдікті ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Павлодарда жеке үйге терезе арқылы кіріп, 470 мың теңге көлеміндегі ақшаны ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды.

наручники
Фото: pexels

Оқиға облыс орталығында болған. Полицияның кезекші бөліміне тұрғын хабарласып, бейтаныс адамның үйіне терезе арқылы кіріп, ақшасын ұрлап кеткенін айтқан.

Арыз түскеннен кейін полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы қысқа уақыт ішінде анықталып, ол ұсталды.

— Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, — деді Павлодар полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Полиция азаматтарға өз мүлкінің қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертті. Ақша мен бағалы заттарды көзге түсетін және оңай қол жеткізетін жерде қалдырмаған жөн. Үйден шығар кезде есік пен терезелердің толық жабылғанын тексеру қажет.

Сондай-ақ тұрғын үйге берік құлыптар орнатып, күзет дабылы мен бейнебақылау жүйесін пайдалану ұрлықтың алдын алуға көмектеседі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада аурухана қызметкері науқастың алтынын ұрлап, ломбардқа өткізгенін жазғанбыз.