Маңғыстауда Солтүстік-Шығыс Қаратұрын кен орнында газ-су қоспасы атқылап жатыр

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2026 жылғы 3 наурызда сағат 12:00 шамасында «Солтүстік-Шығыс Қаратұрын» кен орнында (жер қойнауын пайдаланушы — «Бозашы Нефть» ЖШС) № 403 ұңғымада «Caspian Drilling LLP» ЖШС мердігерлік ұйым бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ-су шығарындысы орын алғандығын хабарлайды.

Солтүстік-Шығыс Қаратұрын кен орны
Фото: Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Апат салдарынан өрт болмаған және зардап шеккендер жоқ.

- Қазіргі уақытта қауіпті өндірістік объектіні пайдаланушы ұйымның күшімен, «Ақ Берен» кәсіби авариялық-құтқару қызметі және Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің күшімен апатты жою үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл оқиғаның себептері мен мән-жайларын тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Оңтүстік Қаратұрын кен орнында төтенше оқиға болған еді.

Маңғыстау облысы: Қаратұрын кен орнындағы өрт 6 айдан соң сөндірілді.

Қаратұрындағы алты айға созылған өрт бойынша 361 млн теңге айыппұл салынды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум