Маңғыстау облысында білім мен денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған қаражаттың көлемі ұлғайтылды

АҚТАУ. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында білім мен денасаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған қаражаттың көлемі ұлғайтылды.
None
None

Биыл бөлінген облыстық бюджеттің 119  млрд. теңгесінің 61 млрд. қаражаты немесе 51 пайызы әлеуметтік бағытқа жұмсалмақ. Биыл білім беру саласында шығындар өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд. теңгеге ұлғайтылып 35 млрд. теңгені құрады. Денсаулық сақтау саласына өткен жылмен салыстырғанда шығындар 6 млрд. теңгеге өсіп, 18 млрд. теңгені құрады.

Айта кетейік, бұл қаражатқа Теңге және Қызылсай ауылдарында екі дәрігерлік амбулатория салынды. Сондай-ақ перзентхана мен екі балабақша, 200 пәтерлі коммуналды үй мен ішкі істер органдары үшін жедел басқарма орталығы салынуда, олар биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жылдың екінші жартысында екінші қалалық емхана мен қалалық аурухананың терапевтік корпусы, екі орта мектептің және ауылдық мәдениет үйінің корпустары, қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу комбинатының құрылысы басталады.

Соңғы жаңалықтар