Маңғыстау облысында нормативтік құқықтық актілердің заңсыз қолданысы үшін қызметкерлер жауапкершілікке тартылады
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Әділет департаменті жергілікті атқарушы және өкілді органдарының қабылданған, мемлекеттік тіркеуден өткен және ресми жарияланған нормативтік құқықтық актілерінің (НҚА) заңдылығына үнемі мониторинг жүргізуде.
Аталған департаменттің мәліметінше, 2012 жылы жүргізілген мониторинг барысында аталған органдармен заңсыз қолданылып жүрген 65 НҚА анықталып, 34 ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде 14 жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласындағы ҚР қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін - 5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.