Маңғыстаудың қатаң тәртіптегі түзеу колониясының басшылары пара алды деген күдікке ілінді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комиететінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 4 қызметкері 2 айға қамауға алынды. Оларға сыйбалас жемқорлыққа жол берді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстаудың қатаң тәртіптегі түзеу колониясының басшылары пара алды деген күдікке ілінді

Айта кететін мәселе, мемлекеттік мекеме - қатаң тәртіптегі түзеу колониясы. Ол Ақтаудан 15 км қашықтықты өнеркәсіп аумағында орналасқан. 

«Маңғыстау облысының Ақтау қалалық соты осы іс бойынша барлығы 4 адамды - колония бастығы, оның екі орынбасары мен ГМ-172/6 мекемесінің жедел бөлімінің бастығына қатысты «қамауға алу» жөніндегі шара қолдануды санкциялады. Оларға ҚР ҚК 366 бабы, 3 тармағы, 1 тармақшасында қарастырылған пара алу түрінде мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық пен қылмыстық құқықбұзушылыққа жол берді деген күдік келтіріліп отыр»,-деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Нұраханова.

Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің өкілдері тарапынан сотқа деййінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр.