«Манхэттен», «Кәусар»: Алматыда 70-тен астам жезөкшелер үйі анықталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтады.

«Манхэттен», «Кәусар»: Алматыда 70-тен астам жезөкшелер үйі анықталды
Фото: видеодан алынған скрин

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, рейд барысында 71 жезөкшелер үйі әшкере болды. Заңсыз әрекет үшін үй берген пәтер иелері жауапқа тартылды.

– Бұл пәтерлерде тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрған адамдарға да әкімшілік шара қолданылды. Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін күн сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, ал тұрғындар өз аудандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты болуы керек, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жол жөндеген мердігерлерді полиция тексеріп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар