Манилада ҚР Елшісі Филиппин Республикасының Президентімен келіссөздер жүргізді

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Филиппиндегі Елшісі міндетін қоса атқаратын Мұхтар Тілеуберді Филиппин Республикасының Президенті Глория Макапагал-Арройомен келіссөздер жүргізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.Әңгіме барысында Г.Макапагал-Арройо Қазақстанның халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан беделін жоғары бағалады және республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстарды атап өтті. Филиппиннің Қазақстанмен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өте отырып, Филиппин Президенті биылғы жылы ресми сапармен Қазақстанға келу ниетін білдірді.Манилада болған кезде Елші М.Тілеуберді сондай-ақ Филиппин Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Э.Лаксонмен кездесті және жетекші филиппиндік кәсіпкерлермен бизнес-семинар өткізіп, онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және ҚР Үкіметінің қолға алып отырған дағдарысқа қарсы шаралары туралы хабардар етті.
Соңғы жаңалықтар