Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Марат Бисенғалиевтің мәдени қоры Үндістан елінде классикалық музыканың VII маусымына қатысты

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Марат Бисенғалиевтің қоғамдық  мәдени қорының қатысуымен  Үндістан елінде классикалық музыканың кезекті VII маусымы сәтті аяқталды. Шара аясында әлемге танымал скрипкашы Марат Бисенғалиевке  Үндістан елінде   классикалық музыканы дәріптеуге үлес қосып,

Марат Бисенғалиевтің мәдени қоры  Үндістан елінде классикалық музыканың VII маусымына қатысты

алғаш рет Мумбай қаласында  кәсіби симфониялық оркестрді құрғаны үшін, орындау өнерінің ұлттық орталығына (NCPA) сіңірген еңбегі жоғары бағаланып,  өмір бойына «NCPA құрметті мүшесі» деген атақ берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жолы Марат еліміздің Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласын қатыстырды. Шақырту алған музыканттардың ішінде ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің бас дирижеры  Ваг Папян да бар. Басты орындаушылардың арасында елімізде танымал опера әншісі  Елена Келессиди ән салды. Мараттың жиені Әмір Бисенғалиев те өзімен бірге оркестрдің сүйемелдеуімен скрипкада ойнады. Әмір Бисенғалиев - жақында «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Лондон қаласында  корольдік музыка академиясын бітірген болатын.

Көрермендер классикалық музыканың VII маусымының барлық концерттерін жақын арада  «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көре алатын болады.

Қордың өкілдерінің айтуынша, қараша айының ортасында Марат Бисенғалиев пен Ұлыбританияның белгілі композиторы Карл Дженкинс Минск қаласында  «Сары қыз» беларус классикалық музыка әуесқой оркестрімен скрипка концертінің тұсаукесерін ұсынатын болады. Концерт Қазақстан өкілдерінің көмегімен өтеді.