Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Марат Тәжин Ашғабадта Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин сәуірдің 10-ында Ашғабадта ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің қарсаңында Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен кездесті,

Марат Тәжин Ашғабадта Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылу барысын талқылады. Қ.Бердімұхаммедов әңгіме барысында Аралды құтқару халықаралық қорының (МФСА) құрылтайшы ? мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысатынын қуаттады. Тараптар сондай-ақ ағымдағы аптада Астанада жоспарланған үкіметаралық қазақстан-түрікмен комиссиясының мәжілісіне әзірлік мәселелерін, Каспийдегі энергетика, көлік, коммуникация салаларындағы өзара іс-қимылдардың перспективаларын талқылады. Мәдени-гуманитарлық серіктестік мәселелеріне тоқталған тараптар, ағымдағы жылдың жаз айына жоспарланған Түрікменстандағы Қазақстан Мәдениеті күндерін өткізуге әзірлік барысын қарады.