Марокко Қазақстандағы саяси тұрақтылыққа жоғары баға береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Марокко Қазақстандағы саяси тұрақтылыққа жоғары баға береді. Бұл туралы бүгін Марокко Корольдігі Парламенті Кеңесшілер палатасының төрағасы Мұхаммед Аш-Шейх Биядилла ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінен кейін БАҚ өкілдеріне мәлім етті.
None
None

Бұл сапарын екі ел арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынастарды дамытуға үлес қосатын қадам ретінде бағалайтындығын жеткізген мәртебелі мейман: «Кездесуде Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға қосып отырған үлесін атап өттік. Қазақстанның ішкі қоғамындағы саяси тұрақтылыққа жоғары баға бердік. Қазақстанмен екіжақты ортақ мүдделеріміз көп, қарым-қатынасты одан әрі дамытуға да мүмкіншілігіміз зор», - деді.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Марокко королі Мұхаммед VІ елдегі, жалпы аймақтағы саяси тұрақтылықтың сақталуына, қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне баса мән береді. Сонымен қатар екі ел басшылары діндер арасындағы диалогты дамытуға да маңыз беріп отыр.

«Діндер өркениеті арасындағы диалогты дамыту арқылы әлемдегі, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады деп санаймын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум