Марокко мен Тунис футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алған тағы екі құрама белгілі болды.

Марокко мен Тунис футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды
Фото: goal.com

Мұндай мүмкіндікке Африка құрлығынан Марокко мен Тунис құрамалары ие болды. Екеуі де дүбірлі додаға жетінші мәрте қатысады.

Қазірге дейін әлем чемпионатына АҚШ, Канада, Мексикадан өзге Оңтүстік Америка құрлығынан Уругвай, Колумбия және Парагвай, Азиядан Жапония, Иран, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Аустралия, мұхит аймағынан Жаңа Зеландия қатысатыны анықталды.
Әзірге Солтүстік Америка мен Еуропадан ешқандай құрама шыға алған жоқ. Олар іріктеу кезеңін қараша айында аяқтайды.

9 қыркүйекте Еуропа құрлығы бойынша бес топта кезекті тур ойындары өтеді.
Әлем чемпионатында алғаш рет 48 құрама сынға түседі.

D тобында Әзербайжан мен Украина 1:1 есебімен тең түссе, Франция Исландияны 2:1 есебімен жеңді.

Ал F тобында Армения құрамасы Ирландияны 2:1 есебімен жеңсе, Венгрия Португалияға 2:3 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ H тобында Босния және Герцоговина Аустрияға 1:2 есебімен жеңілсе, Кипр мен Румыния 2:2 есебімен тең ойнады.

I тобында Норвегия Молдованы 11:1 есебімен тас-талқан етсе, K тобында Албания Латвияны 1:0 есебімен жеңіп, Сербия Англияға 0:5 есебімен жол берді.

Еске салсақ, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словениядағы турнирде Исландиядан жеңілді.

Соңғы жаңалықтар