Мароккодағы каратэден Премьер-лига жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Марокко астанасы Рабат қаласында 30 мамыр – 1 маусым аралығында каратэден Премьер-лиганың шешуші бәсекесі өтеді.

Қазақстан каратэ федерациясынан мәлім еткеніндей, айтулы додада 64 мемлекеттен 376 таңдаулы каратэ шебері жүлдеге таласады.
Осы жарыс аяқталған соң Рабатта жылдың үздік спортшыларына Grand Winner жүлдесі табысталады.
Қазақстаннан Мөлдір Жаңбырбай, Софья Берульцева және Әсел Қанай Grand Winner-ден үмітті.
Рабатта ел намысын мына спортшылар қорғайды.
Әйелдер
Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг),
Гүлмира Үсенова (-55 кг),
Әсел Қанай (-61 кг),
Николь Ценгель (-61 кг),
Айжан Бәкірова (-61 кг),
Софья Берульцева (+68 кг).
Ерлер
Дархан Темірәлиев (-60 кг),
Дидар Әмірәлі (-67 кг),
Олжас Алтынбек (-67 кг),
Қайсар Алпысбай (-67 кг),
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг),
Данияр Юлдашев (-84 кг),
Никита Тарнакин (-84 кг).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық каратэшілердің 4 алтын алғанын жазған болатынбыз.
Каратэден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет командалық есепте топ жарды.