«Marubeni» және «Sinopec» «Атыраумұнаймаш» ЖШС-мен 1,6 млрд. теңгеге келісімшарт жасасты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жапондық «Marubeni» және қытайлық «Sinopec» компаниялары «Атыраумұнаймаш» ЖШС-мен 1,6 млрд. теңгеге келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне кәсіпорынның бас директоры Александр Донсков.

 «Marubeni» және «Sinopec» «Атыраумұнаймаш» ЖШС-мен 1,6 млрд. теңгеге келісімшарт жасасты

«Бұл келісімшарт қазір мұнайды терең өңдеу кешенін салып жатқан Атырау мұнай өңдеу зауытына әртүрлі жабдықтар дайындауды және жеткізуді көздейді. Бұл біз үшін дер кезінде жасалған шарт болды, күрделі экономикалық жағдайға байланысты биыл бізде ірі тапсырыстар болмаған еді. Енді біз ойдағыдай жұмыс жасаумен қатар, жаңадан 100-ге тарта жұмыс орындарын аша аламыз. Бұл адамдар біздің «Marubeni» және «Sinopec» компанияларымен жасалған ірі келісімшартымызды орындауға ат салысатын болады», - деді А.Донсков.