Мәселенің сәнінен гөрі мәніне назар аударамыз – Үкімет басшысының Президентке уәдесі

Олжас Бектенов
Фото: Aqorda

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырмалардың орындалатындығына уәде берді.

«Құрметті Президент мырза! Сіз берген ауқымды тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалатын болады. Жаңартылған Үкіметтің құрамы оған дайын. Мәселелердің сәнінен гөрі мәніне көп назар аударамыз. Нақты іспен айналамыз. Нәтиже болады деп уәде беремін», - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, 5 ақпанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойып, Үкімет отставкаға жіберілді. 

Президент кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Үкімет басшысын тағайындау рәсімі жөнінде пікір білдірді.

Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды.

Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті.

Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті тағайындауға келісім берді.

Соңғы жаңалықтар