Жаңа Премьер-Министр қалай тағайындалады

үкімет
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Президент кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Үкімет басшысын тағайындау рәсімі жөнінде пікір білдірді. 

Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясы ұсынған кандидатураны қарайды. 

«Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады», — дейді Берік Уәли.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. 

Бүгін Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. 

Соңғы жаңалықтар