Машбек ауылында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты басталды - Қызылорда облысы

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жарыстың салтанатты ашылуында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Әбіл Донбай, аудан әкімі Руслан Рүстемов және М.Нәлібаев туыстары атынан Аманкелді Абдуллаев сайысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 16 команда, 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салуда. Жалпы спорт жарыстарына барлығы 324 спортшы қатысуда.
Сондай-ақ, 18 қазан күні қазақ күресінен «Түйе палуандар» арасында халықаралық турнир басталады. Оған Белоруссия, Ресей, Грузия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 70-ке жуық палуан бақ сынайды. Жүлде қоры: I,II орындарға жеңіл автокөлік, III орынға ақшалай сыйақы беріледі. Айта кетейік, биылғы түйе палуандар сайысына алғашқы рет 8 мемлекеттен палуандар қатысқалы отыр.