Машинажасау саласы индустрияландырудың қозғаушы күшіне айналады - М.Пішембаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Машинажасау саласы индустрияландырудың екінші бесжылдығының қозғаушы күшіне айналады. Бүгін ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев осылай мәлім етті.
None
None

Депутаттың сөзіне қарағанда, соңғы жылдары машинажасау саласы қарқынды түрде дамып, саланың өнімдеріне сұраныс артып отыр. Мәселен, Кентаудағы трансформация зауытының трансформаторлары, аккумулятор, желдеткіш, сорғыш сынды машинажасау саласының өнімдері Ресей, Беларусь, Қытай секілді бірқатар көршілес елдерге экспортталуда.

«Жалпы, 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында химия, машинажасау, құрылыс материалдарын шығару, азық-түлік өндірісі секілді төрт бағытқа басымдық беріліп отыр. Аталмыш өндірістер 14 секторға бөлінсе, соның ішінде машинажасау саласында 6 сектор қалды. Олар: автокөлік құралдарын шығару, электромашиналар мен электр құрылғыларын шығару, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тау-кен металлургиялық өнеркәсіп пен мұнайгаз құрылғыларын шығару. Сондықтан да Индустрияландыру бағдарламасы аясында машинажасау саласы экономиканың қозғалтқышы болғалы тұр», - дейді депутат М.Пішембаев.

Оның сөзіне қарағанда, индустрияландырудың алғашқы бесжылдығының қорытындысы бойынша, машинажасау өндірісі 280 миллиард теңгені құраса, тек соңғы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 870 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 3,5 есеге артқан.

Соңғы жаңалықтар