16:45, 02 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Мәскеу маңында Ан-2 ұшағы құлады
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Мәскеу түбіндегі Балашиха қаласында өтіп жатқан авиашоу кезінде Ан-2 ұшағы жерге құлаған. Оқиға жайлы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлайды.

«Ұшақ жерге жақын ұшып өтпек болған. Ұшқыш басқара алмай Ан-2 құлады. Ұшақ бортындағы екі адам қаза болды», - делінген хабарламада.