08:28, 11 Мамыр 2020 | GMT +5
                                        Мәскеу маңындағы қарт адамдарға арналған медициналық мекемеден өрт шықты
                                            МӘСКЕУ. ТАСС- ҚазАқпарат – Ресей астанасы Мәскеу маңындағы Карсногорск қаласында орналасқан қарт адамдарға арналған «Второй дом» әлеуметтік-медициналық мекемесінен өрт шықты, құрбан болғандар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 
                                        
                                        
                                     
                                              Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтерінше, оқиғаның салдарынан 9 адам құрбан болды. Төтенше жағдайлар қызметі мерт болған 10 адам туралы хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттың шығуына су жылытқыш құрылғы себеп болуы мүмкін.