Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрлік курсында қазақстандық студенттер оқитын болады

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде «Сандық медиа және мәдениетаралық коммуникациялар» магистрлік курсының ашылу рәсімі болды және магистратурада білім алуға үмітті кандидаттармен әңгімелесу өтті, деп хабарлады осынау жаңа курсты ұйымдастыруда қолдау көрсеткен ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорынан.

Мәскеу мемлекеттік  университетінің   магистрлік курсында қазақстандық студенттер  оқитын болады

Аталмыш бағдарламаға ұйытқы болған Журналистер одақтары халықаралық конфедерациясының бас хатшысы, Ресей журналистер одағының хатшысы Ашот Джазоянның айтуынша, бұл курстың ашылуы - бірреттік гуманитарлық акция емес, бұл жаңа гуманитарлық кеңістікке ауысу бастамасы. «Іс жүзінде, бұл болашақ медиа-кәсіпқойлардың ертеңгі күн туралы әңгімесі», дейді ол.

Магистрлік курсқа Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина және Эстония елдерінен алғашқы 12 тыңдаушы қабылданып отыр.