Мәскеу орталығындағы өртті бірнеше сағаттан бері сөндіре алмай жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу орталығындағы Лубянск өткелінде бос ғимаратта тұтанған өртті бірнеше сағат бойы сөндіре алмай жатыр, деп хабарлады Life.ru.
None
None

Жалын үш қабатты қамтыды. Алаң үш мың шаршы метрді құрайды. Лаулап жанған өртке күрделілігіне қарай үшінші  деңгей берілді. Шұғыл қызмет қызметкерлері өрттің көрші құрылыстарға жайылып кетуінен қауіптенуде.

Өрт сөндірушілердің жұмысын таңертеңгі қарбалас кезеңдегі көлік кептелісі де бөгеді. ТЖМ қызметкерлері Жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясынан «Китай-Город»  метро стансасы жағындағы және Лубянский көшесі жақтан қозғалысты реттеу талап етілді.

Мәскеу ТЖМ дағдарыс орталығындағы басқарма орталықтарында оқиға орнында 7 техника, жеке құрамнан 21 адам жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Алдын ала деректер бойынша өрттің тұтануына қоқыс себеп болған.

Соңғы жаңалықтар