Мәскеу соты Google-ға тағы 15 млн рубль айыппұл салды

АСТАНА. KAZINFORM — Мәскеу соты Ресейде тыйым салынған контентті жоймағаны үшін Google-ға айыппұл тағайындады. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.

Мәскеу соты Google-ға тағы 15 млн рубль айыппұл салды
Фото: Анадолы

Мәскеудің Таган аудандық соты Google компаниясына тыйым салынған контентті өшірмегені үшін тағы 15 млн рубль айыппұл салды.

— 2026 жылғы 5 мамырдағы Мәскеу қаласының Таган аудандық сотының қаулыларына сәйкес Google LLC Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 13.41-бабы 2-бөлігі бойынша (заңнамаға сәйкес қолжетімділігі шектелуі тиіс ақпарат пен ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді шектеу тәртібін бұзу) 4 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Әрбір құқық бұзушылық бойынша сот әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады, олардың жалпы сомасы 15,2 млн рубльді құрады, — деп хабарлады ТАСС агенттігіне сот отырысына қатысушы.

Осы жылдың наурыз айының соңында Google осыған ұқсас бап бойынша тағы 3,8 млн рубль айыппұл төлеуге міндеттелген болатын. Ал сәуір айында сот компанияға дәл осындай құқық бұзушылық үшін 19 млн рубль айыппұл салған.

Соңғы жылдары Telegram, Facebook, Twitter және TikTok сияқты ірі интернет-сервистер де Ресейде тыйым салынған контентті жоймағаны үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ЕО Google-дің үстемдігін шектеу үшін іздеу жүйесіндегі деректерді бөлісуді талап ететінін жаздық.