Мәскеуде Ауғанстан бойынша арнайы конференция өткізу жоспарлануда

МӘСКЕУ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Мәскеуде құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері орынбасарларының кездесуі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ШЫҰ-ның Душанбе саммитінің шешіміне сәйкес Ауғанстан бойынша арнайы конференциясын ұйымдастыруға әзірлік мәселелері қаралды. Жиынға қатысушылар Ауғанстан аумағынан жетіп отырған лаңкестік ығыттарына, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмыстарға қарсы бірлесіп күресу мәселелеріне арналатын конференцияның ұйымдастырушылық және мазмұндық сипаттарын егжей-тегжейлі талқылады. Арнайы жұмыс тобының аясында конференцияға әзірлікті жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Соңғы жаңалықтар