Мәскеуде Ауғанстанға қатысты арнайы конференция өтеді

АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Наурыздың 27-інде Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Ауғанстанға қатысты арнайы конференция өтеді.

Мәскеуде Ауғанстанға қатысты арнайы конференция өтеді
Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Конференцияға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің, ШЫҰ-да бақылаушы мәртебесі бар мемлекеттердің және «Үлкен сегіздік» елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ, ЕО, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады», деді ресми өкіл. Оның айтуынша, аталмыш шараға ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев бастаған Қазақстан делегациясы барады.