Мәскеуде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы ҰҚШҰ елдері парламенттік делегация басшыларының кездесуі өтеді

МӘСКЕУ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Мәскеуде, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында ертең, қаңтардың 22-сінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің парламенттік делегация басшыларының кездесуі өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдеріне мүше мемлекеттердің заңнамалық билік органдарының сыртқы саяси қызметін үйлестіру аясындағы алғашқы басқосу. Парламенттік делегациялардың басшылары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қарсаңында күн тәртібінің жобасына енгізілген мәселелерді талқылау, пікірлер алмасу, қажет болған жағдайда ортақ ұстанымдар әзірлеу үшін жиналады. Ал ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы ақпан айының екінші жартысында Венада өтеді. Сессияның күн тәртібінде Солтүстік Кавказдағы жағдайға, Еуропадағы Қалыпты қарулы күштер туралы келісімшартқа (ДОВСЕ) қатысты мәселелер, сондай-ақ «көгілдір отын» проблемасы,т.б. мәселелер қаралады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар