Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәскеуде қарашада өтетін конференцияда еуразиялық интеграцияны дамыту жолдары талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 11 қарашада «Еуразиялық интеграция» XI халықаралық конференциясы өтеді, деп хабарлады БЕЛТА, Еуразиялық даму банкі баспасөз орталығына сілтемемен.

Мәскеуде қарашада өтетін конференцияда еуразиялық интеграцияны дамыту жолдары талқыланады

Конференция еуразиялық интеграцияның даму жолдарын іздеуге арналған.

 «Биыл экономиканың  негізгі салаларында ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын, валюталық-қаржы интеграциясы мәселелерін талқылау жоспарланады, - деп түсіндірді баспасөз орталығында, - ЕАЭО аясында мемлекетаралық өзара іс-әрекетті нығайту тақырыбына баса назар аударылатын болады. Конференция бағдарламасында өңірдегі халықаралық даму банктерінің проблемалары мен перспективаларын қарау көзделген».