Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәскеуде Қазақстан, Ресей, және Беларусь елдерінің Президенттері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мәжілісінің қорытындысы бойынша құжаттарға қол қойды

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеуде Қазақстан, Ресей, және Беларусь елдерінің Президенттері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мәжілісінің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды.

Мәскеуде Қазақстан, Ресей, және Беларусь елдерінің Президенттері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мәжілісінің қорытындысы бойынша құжаттарға қол қойды

Ресей Федерациясының Президенті бүгінгі Мемлекет басшыларының кездесуін жоғары бағалады. «Бүгін біз интеграция мәселелерімен айналысатын шын мәніндегі бірінші ұлтүсті органымызды құрдық. Біз өзіміздің Еуразиялық экономикалық комиссиямызды құрдық. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ құруға негізделген Еуразиялық экономикалық кеңістік құру жолындағы жақсы қадам болды», - деді Дмитрий Медведев.

Сондай-ақ Ресей басшысы бүгінгі жиын барысындағы тағайындалған барлық азаматтарды құттықтайтындығын жеткізді. «Мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының төрағасы Виктор Христенконы, сондай-ақ үш елдің басшыларынан осы сияқты лауазымдарды иеленген азаматтарды да құттықтаймын», - деп тәмәмдады сөзін Ресей Президенті.