Мәскеуде Қазақстанның EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі өтініші таныстырылды

Шараға Ресеудегі аккредитациядан өткен шетелдік дипломатиялық миссия басшылары, ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Экономикалық сауда және даму министрлігінің өкілдері қатысты.
Шетелдік қонақтар елдің EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болу дайындығының барысымен танысты.
Аталып өткендей, қазақстандық тараптың аталмыш көрмені өз аумағында өткізуге деген қызығушылығы энергетика саласындағы ұлттық жобалармен тікелей байланысты. Сондай-ақ Астана ұсынған «Болашақтың энергиясы» атты көрменің тақырыбы электр көзін үнемдеу мен баламалы энергияның көздерін енгізу мәселелеріне бағытталғаны аталып өтілді.
Шетелдік елшілер мұндай кең ауқымды көрмені өткізудегі Қазақстанның бастамасын қолдады.
«Біз Қазақстанды аумағы кең, заманауи әрі әдемі қалалары бар мемлекет ретінде танимыз. Сіздердің елдеріңізде табиғи ресурстардың ауқымды қорлары бар, баламалы энергия көздерін дамытуға әлеуетті. Астана бизнес пен технологияны дамыту үшін мүмкіндігі зор қала. Қазақстан өндіріс саласында айтарлықтай дамыған. Менің ойымша, алдағы EXPO-2017 көрмесі дамып келе жатқан елдердің жаңа әлеуетті зерттемелерге қол жеткізуіне мүмкіндік ашады», - деді РФ-ғы Кенияның Төтенше және Өкілетті елшісі Паул Кургат.