20:11, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мәскеуде ҚР делегациясы сыртқы істер министрлері орынбасарларының ? ШЫҰ мүшелерінің құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен болған кездесуге қатысты
МӘСКЕУ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат – Қаңтардың 14-і күні Мәскеуде құрамына Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші Шахрат Нұрышев және құқық қорғау органдарының өкілдері енген қазақстандық делегация
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтың басшылығымен сыртқы істер министрлері орынбасарларының ? ШЫҰ мүшелерінің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында Душанбе ШЫҰ саммитінің шешіміне сәйкес ШЫҰ басшылығымен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өткізу жоспарланып отырған, сыртқы істер министрлерінің деңгейінде Ауғанстан бойынша арнайы конференцияның іс жүзіндегі даярлық мәселелері қаралды.Қатысушылар ауған аумағынан таралатын лаңкестік қатеріне бірлесіп қарсы тұру, есірткінің заңсыз айналымы және ұйымдасқан қылмыс проблемаларына арналатын конференцияның ұйымдастыру мәселелерін қарады. Конференцияға даярлықты арнайы жұмыс тобы аясында жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді.