Мәскеуде ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына орай қабылдау өтті

МӘСКЕУ. 12 мамыр. ҚазАқпарат -Мәскеуде ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтті.
None
None

Іс-шара РФ Қарулы күштері мәдени орталығының алаңында өтті.  Қабылдауға шетелдік әскери дипломатиялық миссиялардың басшылары, РФ Қорғаныс министрлігінің және РФ әскери ғылыми-білім беру мекемелерінің  өкілдері қатысты.

Құттықтау сөзінде Қазақстаннның Ресейдегі елшілігінің әскери атташесі Ермек Байтілеуов шетелдік қонақтарды Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерімен, сондай-ақ мемлекеттің болашақтағы даму басымдықтарымен таныстырды.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен еліміз егеменді мемлекеттің барлық атрибуттарына қол жеткізді. Бүгінгі күні мерейтойын атап өтіп жатқан қазіргі заманғы мобильді қарулы күштер құрылды», - деді ол.

«Қазіргі уақытта ҚР Қарулы күштері әскери дайындықтың жоғары деңгейлі қарқындылықпен, сапалы мобильді резервпен және қажетті материалды-техникалдық қамтамасыз етумен (жабдықпен) ерекшеленеді», - деді Е. Байтілеуов.

«Ресей елімен достастық және тату көршілік - бұл Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыты. Ресей біз үшін стратегиялық әріптес әрі одақтас болып табылады. Екі елдің одақтастық қарым-қатынастары Еуразия өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты факторы болып табылады», - деді әскери атташе.

Қабылдау барысында шетелдік қонақтар ҚР Қарулы күшерінің өкілдерін мерейтоймен құттықтады. Ресми емес жағдайда өзаратиімді ынтымақтастықты кеңейту әлеуеттері талқыланды.

Қабылдауда болған ҰҚШҰ бірлескен штабы басшысының орынбасары, генерал-майор Владимир Бережной қазақстандық тарапты ҚР Қарулы күштерінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар