Мәскеуде он қазақстандық кинотуынды көрсетіледі
КЕУ. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Мәскеуде «Достар киносы» форумы басталды, оның аясында он қазақстандық кинотуындының көрсетілімі болады.
Кинофорум 24-27 наурызда мәскеулік сегіз кинотеатрда өтеді. Көрсетілім бағдарламасында Еуропа, ТМД, Шығыс Азия мен Кавказдың алпыстан астам туындысы бар.
Қазақстандық кино 26 наурызда «Художественный» кинотеатрында ұсынылатын болады. Олар - Сәбит Құрманбековтың «Нежданная любовь», Ақтан Арым Құбаттың (Әбдіқалықов) «Рай для мамы», Хуат Ахметовтың «Человек-ветер», Хуат Ахметовтың «Кто вы, господин Ка?», Данияр Саламаттың «Вдвоем с отцом», Қанағат Мұстафиннің «Рывок», Лев Вахитовтың «Успеть сказать спасибо» және «Матай, начало легенды», Ардақ Әмірқұловтың «Прощай, Гульсары!» және Сәбит Құрманбековтың «Секер» кинотуындылары.
Кинофорумды ұйымдастырушылар - Мәскеудің мәдениет департаменті мен «Мәскеу киносы» Мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесі. Барлық көрсетілімдерге кіру тегін.