Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің бас прокурорларының жетінші отырысы өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат – Сәуірдің 13-14-інде Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің бас прокурорларының жетінші отырысы өтеді,

Мәскеуде Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы елдерінің бас прокурорларының   жетінші    отырысы  өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат қадағалаушы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан делегациясын Бас прокурор Қайрат Мәми бастап барады. Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытай бас прокурорлары азаматтардың құқықтарын қорғаумен байланысты мәселелерді, дағдарыс жағдайында экономикалық салалардағы құқықбұзушылықтармен күрес, экстремистік ұйымдардың әрекеттерінің жолын кесу, есірткі заттарының заңсыз айналымымен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресу мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.