Мәскеуде ШЫҰ басшылығымен Ауғанстан бойынша арнайы конференция өтеді

МӘСКЕУ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ – Мәскеуде 2009 жылғы наурыздың 27-сінде Ауғанстан бойынша арнайы конференция өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ресей сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.Осы іс-шара Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мүше-мемлекеттері кеңесінің шешіміне сәйкес жоспарлануда. ШЫҰ басшылығымен шақырылатын кездесуде Ауғанстандағы жағдайдың даму мәселелерін және оның көршілес мемлекеттерге ықпалын қарау, лаңкестікке, есірткінің заңсыз айналымына және Ауғанстан аумағынан тарайтын трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресуде халықаралық қоғамдастықта бірлескен күшті нығайту жоспарланған.Ақпанның 17-сі мен 18-і аралығында Ресей сыртқы істер министрлігінде ШЫҰ мүше-мемлекеттер сарапшылары жұмыс тобының отырысы болып, конференцияға даярлық мәселелері талқыланды.
Соңғы жаңалықтар