Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссия мен Тұрақты өкілдер кеңесінің бірлескен мәжілісі өтеді

МӘСКЕУ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Сәуірдің 16-сында Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссия мен Достастықтың Тұрақты өкілдер кеңесінің бірлескен мәжілісі өтеді,

Мәскеуде  ТМД Экономикалық кеңесі  жанындағы    Экономикалық мәселелер  жөніндегі комиссия мен  Тұрақты өкілдер кеңесінің   бірлескен мәжілісі    өтеді
деп хабарлады ҚазАқпаратқа ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен. Ең алдымен мәжілісте Достастық елдерінің Аймақаралық және шекаралық ынтымақтастық тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысын қарап шығу жоспарлануда.Кездесуге қатысушылар сонымен бірге Достастықтың салалық органдарының өткен жылғы жұмыс қорытындыларын шығарады және Достастықты дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының шешімдерінің орындалуын талқылайды. Мәжілістің күнтәртібіне сондай-ақ ТМД-ның салалық ынтымақтастық органдары туралы жалпы ереженің жаңа редакциясының жобасы туралы мәселе де енгізіліп отыр.