18:38, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Мәскеуде ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ жоғары әкімшілік лауазымды тұлғаларының 2-ші кездесуі өтеді
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -22 қарашада Мәскеуде ТМД, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының жоғары әкімшілік лауазымды тұлғаларының 2-ші кездесуі өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Кездесу барысында тараптар аталған ұйымдар қызметінің басымдықты бағыттары туралы ақпараттармен алмасып, халықаралық саясаттың көкейкесті мәселелері бойынша пікірлерімен бөліседі»,-деді ресми өкіл. Сонымен қатар онда қауіпсіздік және тұрақтылық, жаңа қауіп-қатерлер мен көші-қон саясаты, төтенше жағдайларды ескерту мен алдын алу тұрғысындағы іс-әрекеттерді талқылау жоспарланып отыр.