Мәскеуде ҰҚШҰ елдері күш-қуат ведомстволары басшылары орынбасарларының консультациялары өтеді

МӘСКЕУ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Ресей елордасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қатысушы мемлекеттердің күш-қуат ведомстволары мен Қауіпсіздік кеңесі аппараттары басшылары орынбасарларының консультациялары өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитіне әзірлік аясында Ұйымның Хатшылығы Мәскеуде күш-қуат ведомстволары мен Қауіпсіздік кеңесі аппараттары басшылары орынбасарларының консультациясын өткізеді. Осы шаралар барысында Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының 2008 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда өткен бейресми кездесуінің Ұйым қызметін жетілдіру жөніндегі шешімдерін жүзеге асыру мәселелері талқыланады.
Соңғы жаңалықтар