Мәскеуде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына дайындық және ардагерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

МӘСКЕУ.  Желтоқсанның    5-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ -   Қазақстан   Елшісі  мен    РФ Сыртқы істер министрінің  орынбасары   Ұлы Жеңістің 65 жылдығына дайындық  және  ардагерлерді әлеуметтік  қолдау  мәселелерін   талқылады.

Мәскеуде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына дайындық  және  ардагерлерді әлеуметтік  қолдау  мәселелері   талқыланды

Қазақстан  Елшісі Зауытбек Тұрысбековтың жұма күні  Мәскеуде    Статс-хатшы- РФ  Сыртқы  істер  министрінің  орынбасары Григорий Карасинді қабылдағанын  ҚазАқпарат   бұдан   бұрын хабарлаған   болатын.

 Келесі  жылы   Достастық   елдерінде Ұлы Отан  соғысы  ардагерлерінің  жылы     болып жарияланғаны    баршаға мәлім.    З.Тұрысбеков   Г.Карасинді  1941-1943    жылдары  неміс-фашист  басқыншыларынан  Ржев қаласын азат  ету ұрыстарында шайқасқан   100- және 101-ші атқыштар  бригадаларының    қазақстандық  жауынгерлеріне ескерткіш  орнату  туралы Ресейдің  Тверь  облысы Ржев  қаласының әкімшілігімен     қол жеткізілген  келісім     жайлы хабардар  етті.   Ескерткіш   қаладағы   мемориалдық  кешеннің аумағына    орнатылмақ.

 Тараптар  сондай-ақ,    нацистердің   қылмыстарын тікелей  немесе  жанама ақтап, Ұлы Жеңістің бағасын түсіруге    жол бермеу керектігін  айтты.